Кәсіби-техникалық мамандықтарға 20 600 грант бөлінеді

556

"Еңбек" бағдарламасы ҰБТ-да жолы болмағандарды жарылқайды.

Кәсіби-техникалық мамандықтарға 20 600 грант бөлінеді

Кәсіби-техникалық мамандықтарға 20 600 грант бөлініп отыр. Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкеновтің айтуынша, бұл ҰБТ-да аз балл жинаған түлектер үшін таптырмас мүмкіндік болмақ.

"Аз қамтылған отбасылардан немесе көпбалалы отбасылардың ішінен  ҰБТ-ның қорытындылары бойынша оқуға түсе алмай қалған оқушылар бар болса, біз оған кәсіби-техникалық білім ұсынамыз. Осы бағыт бойынша 20 600 азамат қамтылады. Бұл бағдарламаның тағы бір бағыты – қысқамерзімді оқыту. Азаматтарға 3 ай мен 6 ай аралығында өзіне сәйкес кәсіби  білім алу мүмкіндігі беріледі. Қазіргі таңда 11 мың азамат оқуға бағытталған. Пандемияға байланысты кейбір оқыту орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Қазірдің өзінде  11 мың адам процеске қатысып жатыр. Оның 700-і оқу бітірген болатын.  210-ы астамы тұрақты жұмыс орындарына қабылданды. Бұл көрсеткіш 33 пайызды құрайды. Біздің мақсат – 100 пайызға жеткізу.  Мұндағы бір ерекшелік, жұмыс берушілер оқыған азаматты қабылдауға міндетті", – деді вице-министр онлайн-брифингте.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу