Кәсіп бастауға грант үшін өтініш қабылдау басталды

713

Ел бойынша 3 мыңға жуық адамға грант беру жоспарланып отыр.

Кәсіп бастауға грант үшін өтініш қабылдау басталды Фото: Turkystan.kz

Бизнес-идеяларды іске асыру үшін business.enbek.kz порталында 15 мамырдан бастап грантқа өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Республика бойынша екінші лекте 2 697 адамға грант беру жоспарланып отыр. Грант сомасы 400 АЕК-ке тең.

"Мемлекеттік грант – жаңа бизнесті бастауға және дамытуға қайтарымсыз берілетін бастапқы капитал. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", делінген хабарламада.

Қандай құжат керек?

Өтінім беру үшін:

·        порталда тіркелу;

·        грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;

·        бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;

·        өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады. Сондай-ақ, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу