Кәсіпкер Айдын Рахымбаев қазақ тілін дамытуға 150 миллион теңге бөлді

1385

Бұл туралы "Қазақ тілі" қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Кәсіпкер Айдын Рахымбаев қазақ тілін дамытуға 150 миллион теңге бөлді Фото: Рауан Кенжеханұлының парақшасынан

Елімізге белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың бастамасымен BI Group холдингі қазақ тілін дамытуға 150 млн теңге бөлді.

 "BI Group холдингі Qazaq Tili Endowment Qory-на 100 млн теңге көлемінде үлес қосады, одан бөлек қазақ тілін қолдауға арналған стартаптарға 50 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады.

Атап айтсақ, тіл үйренуге арналған Qazaq Lingo қосымшасын дамыту, балаларға арналған кітаптар мен өзге де маңызды жобаларды бірлесе жүзеге асырамыз. Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы BI Group қолдауымен қазақ тіліндегі сапалы контент қорын көбейту мақсатында шығармашылық ортаны ынталандыруға бағытталған түрлі байқаулар ұйымдастыруды да жоспарлады.

Қазақ тілін дамытуға қосқан үлесі үшін Айдын Рахымбаев мырзаға зор алғыс білдіреміз!

Барлық бастамаларыңызға сәттілік, кәсіптеріңізге береке тілейміз!", – деп жазды Рауан Кенжеханұлы.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қазақ тілін қолдау қорына 7 миллион теңге аударған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу