Кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалағандар сотталды

224

Әйел кездейсоқ танысуды ұйымдастырып, жәбірленушіні серіктестері жасырынып отырған пәтерге шақырған.

Кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалағандар сотталды Фото: Polisia.kz

Ұлытау облысында кәсіпкерден 20 млн теңге талап еткен бопсалаушылар тобы сотталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Polisia.kz-тің мәліметінше, Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 36 жастағы кәсіпкер арызданған. Оның айтуынша, белгісіз адамдар оны пәтерге алдап шақырып, күш көрсетіп ақша бопсалаған.

Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы және Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 43 және 27 жастағы ер адамдарды, сондай-ақ 31 жастағы әйелді ұстады. Тергеу барысында олардың қылмыс жасаған кезде өзара рөлдерді бөліскені анықталды", – делінген хабарламада.

Сонымен әйел кездейсоқ танысуды ұйымдастырып, жәбірленушіні серіктестері жасырынып отырған пәтерге шақырған. Пәтерде жасырынып отырған қалғандары маска мен қолғап киіп, жәбірленушіге шабуыл жасап, оны байлап, зорлық-зомбылық көрсетіп, одан 20 млн теңге талап етеді.

Жоспарларынан нәтиже шықпаған соң, бопсалаушылар жәбірленушінінің барсеткасынан 70 мың теңге алып, қылмыс орнынан қашып кеткен.

Ұлытау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен ер адамдар 10 және 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ал әйел адам 7 жылға сотталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу