Кәсіпкердің тұтынушымен келісімге келгені өзіне тиімді болады – Бақыт Сұлтанов

894

Бақыт Сұлтанов барлық үкіметтік емес ұйымдарды белсенді болуға шақырды. ҮЕҰ бұдан былай тұтынушы мен сатушы арасындағы басты келіссөзші болмақ.

Кәсіпкердің тұтынушымен келісімге келгені өзіне тиімді болады – Бақыт Сұлтанов

Бірнеше апта бұрын Президент қол қойған тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамаға түзетулерге сәйкес, жаңа нормалар "сыналуда", ал тұтынушылар/ҮЕҰ/ мен сатушылар ойынның жаңа қатаң ережелеріне үйренеді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрінің Фейсбуктегі жазбасында айтылған.

"Мен осы "Алаңға" жұмыс істейтін барлық үкіметтік емес ұйымдарды белсенді жұмысқа тағы да шақырамын – дәл осы ТҚҚ бойынша ҮЕҰ бұдан былай тұтынушы мен сатушы (тауар немесе қызмет) арасындағы басты келіссөзші болып табылады",– деп жазды министр.

Оның сөзінше, әзірге жаңа нормалар сыналуда, ал тұтынушылар мен сатушылар жаңа ережелерге үйренеді.

"Біз тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша жаңа нормалар күшіне енгеннен кейін, біздің тауарлар мен қызметтерді сатушылар тұтынушылармен (немесе оның үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері арқылы) келіссөздерге белсенді түрде барады деп үміттенеміз. Бизнес үшін, істі ТҚҚК араласуына жеткізгеннен гөрі, тұтынушымен келісу тиімді болады. Өйткені, уәкілетті орган бұдан былай делдал болып қана қоймай, тұтынушының заңды талаптарын орындамағаны үшін сатушыға айыппұл сала алады",– дейді министр.

Ведомство басшысы әлеуметтік желі арқылы ТҚҚ бойынша комитетінің жұмысымен таныстыруды жалғастыра беретінін айтты.

"Үкіметтік емес секторды осы жұмысқа белсенді араласуға тағы да шақырамын. Белсенді қоғамдық бақылаумен бірге сауатты тұтынушы адал яғни бәсекеге қабылетті кәсіпкерді қалыптастыра алады деп сенемін",– деп аяқтаған жазбасын Сұлтанов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу