Кәсіпкерлер Алматыда Универсиадада 2 млрд теңгеден астам кіріс кіргізеді – әкім

922

Кәсіпкерлер Алматыда Универсиадада 2 млрд теңгеден астам кіріс кіргізеді – әкім

2017 жылғы Универсиада кезінде бес мың  адам Алматыда  2 млрд теңгеден астам қаржы жұмсайды, деп санайды қала әкімі Бауыржан Байбек.

"Global Destination Cities Index-тің бағалауы бойынша, Алматыда шетелдік қонақтар күн сайын  245 доллар жұмсайды. Атап айтқанда, болжанған 5 мың шетелдік қонақтың Алматыға бес күнге келген кезінде қаладағы шағын және орта бизнес 2 млрд теңгеден астам кіріс табады", – деді сейсенбі күні Бауыржан Байбек Астанада үкімет отырысында, деп жазады "Интерфакс-Қазақстан".

Оның айтуынша, қатысушы-елдердің өзі Атлетикалық ауылда тұрғаны үшін 1 млн еуро көлемінде төлем жасайды.  Одан бөлек Универсиада дирекциясы ұсынатын қаладағы 8 қонақ үйге спорт  делегациялары мүшелері орналасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу