Кәсіпкерлер бизнес жүргізуге арналған жер учаскесін өздері таңдай алады

403

Осы уақытқа дейін олар жерді әкімдік сауда-саттық пен конкурстарға қойған учаскелер тізбесімен ғана таңдай алды.

Кәсіпкерлер бизнес жүргізуге арналған жер учаскесін өздері таңдай алады Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда кәсіпкерлер бизнес жүргізуге арналған жер учаскесін енді өздері таңдай алады, деп жазады inbusiness.kz "Атамекен" ҚР ҰКП ресми сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде жаңа норма бекітілген.

"Жер учаскесін сауда-саттыққа шығармаған немесе оны беруден бас тартқаннан кейін 90 күн мерзімін бұза отырып шығарған әкімдіктің лауазымды адамына айыппұл салуды көздейтін норма бекітілді. Бірінші бұзушылық жасалса 30 АЕК көлемінде немесе 103,5 мың теңге айыппұл қарастырылған. Жыл ішінде екінші бұзушылыққа жол берілсе, 60 АЕК (207 мың теңге) салынады. Қазіргі кезде жауапкершілік үшін нормалар күшіне енді және белгіленген 90 күн өтті. Енді жер инспекторлары талап орындалып жатыр ма, жоқ па – тексеріп жатыр", - деді "Атамекен" ҰКП Құрылыс және жер қатынастары департаменті директорының орынбасары Ернұр Әбжан.

Оның сөзінше, жауапкершілік белгіленген соң 2018 жылдан бері "қолданылмаған" норма іске асатын болады. 

"Кәсіпкерлер жария кадастр картадан бос учаскені таңдау арқылы сауда-саттық немесе конкурсты өткізуді өзі бастамалай алады", – деп атап өтті спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу