Кәсіпкерлер импортталатын тауарларға қазақ тіліндегі этикеткаларды алып тастауды ұсынды

2200

Бизнесмендер бұл шығынды азайтуға мүмкіндік береді деген пікірде. 

Кәсіпкерлер импортталатын тауарларға қазақ тіліндегі этикеткаларды алып тастауды ұсынды

Бүгін Нұр-Сұлтанда Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үкімет басшысы баспасөз қызметінің дерегінше, кеңеске қатысушылар сауда саласындағы техникалық реттеу шараларын талқылады. 

"Бизнес өкілдері импортталатын тауарларға қатысты мемлекеттік тілдегі этикеткалар мен қосымшаларды бекіту жөніндегі заңнама талаптарын уақытша алып тастауды ұсынды.  Отырысқа қатысушылардың айтуынша, мұндай шешімді қабылдау этикеткаларды әзірлеуге, оларды көбейтуге және бекітуге қатысты бизнес шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді", – деп жазылған хабарламада.

Оған балама ретінде сөрелерде тауарлар туралы барлық қажет ақпаратты қамтитын тауарлық QR-кодтарды уақытша пайдалану ұсынылды. 

Бизнес-қауымдастық өкілдері Мемлекет басшысына дағдарыстық жағдайлар кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік бақылау, халықаралық міндеттемелерді сақтау шеңберінде және тағы басқа реттеудің өзге де тәртібін белгілейтін тапсырмалар жүктеуге немесе актілер қабылдауға мүмкіндік беретін Президенттің 2020 жылғы 20 наурыздағы №286 Жарлығының ережелерін басшылыққа алды.

Премьер-министр отандық бизнес өкілдерінің бастамасын қолдап, Президенттің тиісті Жарлығының жобасын дайындауды, сондай-ақ оны осы аптаның соңына дейін Мемлекет басшысының қарауына енгізуді тапсырды. 

Жедел штабтың келесі отырысы 24 наурызда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу