Кәсіпкерлер палаталары: сайлауға қатысуға 1048-кандидаттың өтініші мақұлданды

467

Палатаның өңірлік кеңестеріне сайлау 5-11 тамыз аралығында vote.atameken.kz сайтында онлайн өтеді. 

Кәсіпкерлер палаталары: сайлауға қатысуға 1048-кандидаттың өтініші мақұлданды

Кәсіпкерлер палаталары Өңірлік кеңестеріне сайлауға қатысуға өтініш берген 1168
кандидаттың 1048 өтініші мақұлданды. Бұл Ұлттық палата талаптарына
толығымен сәйкес келген әрі қажетті құжаттардың топтамасын өткізген
кандидаттар.

Өңірлік кеңестерге қатысуға өтінім берген ең жас кандидат 21 жаста, ең үлкені – 73
жаста. Кандидаттардың орташа жасы – 43 жас.

Ауыл шаруашылығы саласынан өкілдер саны басым – 211 өтінім (18%), одан кейін
сауда саласы – 180 кандидат (15%), өңдеу өнеркәсібі – 163 кандидат (14%).
Ұйымдастырушылық-құқықтық форма бойынша өтінім бергендер қатарында 538
кандидат – ЖШС өкілдері, 367 кандидат – жеке кәсіпкерлік, 126 кандидат – жеке
тұлғалар (құрылтайшылар).

Еске салсақ, Кәсіпкерлер палаталары өңірлік кеңестеріне сайлау 5-11 тамыз
аралығында vote.atameken.kz сайтында онлайн өтеді. Өңірлік кеңестерге бизнес-
қоғамдастықтан барлығы 465 өкіл өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу