Кәсіпкерлер палатасы жарнасын төмендете ме?

2197

Нақты шешімді 29 қазандағы съез мүшелері қабылдамақ.  

Кәсіпкерлер палатасы жарнасын төмендете ме?

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы өз шығындарын тағы 10 пайызға қысқартуға дайын. Палата басшысы Абылай Мырзахметов ОСК алаңында өткен брифингте осындай мәлімет айтты.

"Бізде 1 млн 300 мыңнан астам кәсіпкер бар. Олардың бәрі заң жүзінде біздің мүшеміз болып саналады. Соның ішінде тек 24 мың кәсіпорын ғана бізге жарна төлейді. Олар  – ірі және орта бизнес өкілдері. Яғни, жылдық айналымы 150 млн теңгеден асатын кәсіпкерлер. Ол 24 мың кәсіпорынның ешқайсына біз Салық комитеті сияқты шоттарын бұғаттап, ешқандай қысым жасай алмаймыз. Яғни жарна ерікті түрде төленеді. Біз есебін береміз, мүмкіндігі болса ғана төлейді. Пандемия басталғалы біз барлық шығынымызды 20 пайызға қысқарттық.  29 қазанда съез болады. Соның алдында тағы қараймыз бұл мәселені. Тағы 10 пайызға қысқартатын мүмкіндігіміз бар. Жалпы пандемия кезінде келіп түсетін жарна 28 пайызға төмендеді. Біз оны ескеріп отырмыз. Сондықтан да шығынымызды азайттық", - деген ҰКП өкілі жарна көлемін "Атамекен" басшылары тағайындамайтынын еске салды.  

"Жарнаның көлемін өзгерту туралы шешімді съезде сайланған кәсіпкер азаматтардың өздері қабылдайды. Жарнаның мөлшерін мен де, біздің басқарма да қабылдамайды. Съездің өзі шешеді. Егер төмендетеміз деп шешім қабылдаса, біз орындаймыз", – деді Абылай Мырзахметов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу