"Атамекен" палатасы Санкт-Петербургке сауда-экономикалық миссия ұйымдастырады

796

"Атамекен" палатасы Санкт-Петербургке сауда-экономикалық миссия ұйымдастырады

5 маусым күні Қазақстанның сыртқы сауда палатасы, "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Санкт-Петербург сауда-өндіріс палатасымен бірлесе отырып, Санкт-Петербург қаласында ресми сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырады. 

Іс-шараның негізгі мақсаты ықтимал серіктестерді іздеу, екі өңір ынтымақтастығын арттыру және қазақстандық кәсіпорындар мен ықтимал ресейлік сатып алушылардың  кәсіби қарым-қатынасын дамыту.

Сауда-экономикалық миссия барысында отандық кәсіпорындардың ұсынысы негізінде қазақстандық мекемелер үшін ықтимал сатып алушыларды тарту бойынша жұмыс жүргізіледі.

Айта кету керек, қазақстандық компаниялар тағам өндірісі, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, электротехникалық құрал-жабдық пен химиялық өнімдер саласында өз мүмкіндіктерін ұсынады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу