banner

Кәсіпкерлер жалдау ақысын төлеуді тоқтата тұруға өтініш бере алады

795

Бюджет кірісі 170,1 млн теңгеге қысқарған. 

Кәсіпкерлер жалдау ақысын төлеуді тоқтата тұруға өтініш бере алады

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев мәлімдеді. Оның айтуынша қазір мегаполисте Мемлекет басшысының Жолдауда ШОБ-ты жалдау төлемдерінен босату туралы тапсырмасын орындау үшін бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі кәсіпкерлерден өтінім қабылдау. 

Шаһар әкімдігі биыл 20 наурыз бен 19 маусым аралығындағы кезеңде 612 шағын және орта бизнес өкілдеріне төлемдерді есептеуді тоқтатқан. Бұл ретте бюджет кірісі 170,1 млн теңгеге қысқарған. 

"Төтенше жағдай кезінде ҚР Қаржы министрлігі мен "Ақпараттық есепке алу орталығы" АҚ шағын және орта бизнестегі жалға алушыларға төлемдерді тоқтата тұруға қосымша келісімдер жасауға мүмкіндік беретін уақытша қызметті әзірледі.

Осы жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлік нысандарына шағын және орта бизнес үшін жалдау ақысын 1 қыркүйектен бастап жыл соңына дейін тоқтата тұруды тапсырды. Сондықтан 4 қыркүйектен бастап өтініш қабылдайтын сайт қызметі қайта іске қосылды", - деді Рүстем Әлиев. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу