Кәсіпкерлер жыл соңына дейін бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалауы тиіс

526

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (БКМ) 2.0.2 нұсқасының хаттамасына қайта бағдарламалау қажеттігін еске салады, деп жазады inbusiness.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпкерлер жыл соңына дейін бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалауы тиіс Фото: gov.kz

"Жоғарыда айтылғандарға байланысты, модельдері бақылау-касса машиналары мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын барлық жеке және заңды тұлғалар 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде барлық тіркелген бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау жөніндегі жұмыстарды аяқтауы қажет", делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер комитеті  ескертеді,  2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2.0.2-ден басқа Хаттамаларға Фискалдық деректер операторлары (ФДО) қолдауын тоқтатады!

Айта кету керек, салық төлеушілердің өтініштеріне байланысты деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау мерзімі 2022 жылғы 15 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін ұзартылған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу