Кәсіпкерлерді қудалау тоқтайды: Мәжіліс заң жобасын мақұлдады

181

Қылмыстық кодекстің төрт бабына өзгеріс енгізілетін болды.

Кәсіпкерлерді қудалау тоқтайды: Мәжіліс заң жобасын мақұлдады Фото: pinterest.com

Енді кейбір кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық іс дереу тоқтатылады. Бұрын жауапқа тартылған бизнесмендердің соттылығы жойылады. Бүгін Мәжіліс осындай өзгерістерді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бірақ бастапқыда көпшілік бұл құжат кәсіпкерлерге еркіндік беріп, заңсыздықтың көбеюіне жол ашуы мүмкін, - деп ұғады. Алайда, олай еместігін заңды қорғаушылар түсіндіріп берді.

Кәсіпкерлерді негізсіз қудалау мәселесі енді заңмен шешілетін болды. Осылайша қылмыстық кодекстің төрт бабына өзгеріс енгізілетін болды. Алғашқы екеуі мүлде алынып тасталады. Біреуі 219 бап. Екіншісі 241 бап.  Қалған 234 пен 236 бап ішінара қылмысы жойылады.

- Қылмыстық сипаттан арылтқанымызбен, әкімшілік жауапкершілікті күшейттік. Егер бұрын әкімшілік белгілі бір бекітілген айылық есептік көрсеркіш мөлшерінде ғана болса, қазір пайызбен салынатын болады. Сонымен қатар, қылмыстық істен толығымен босатылған жағдайда міндетті түрде барлық төлемдерді төлеу керек, соның ішінде өсімпұлдармен қосып төлеуі керек. Сондай жағдайда ғана ол қылмыстық жауапкершіліктен құтылады, - дейді ҚР Парламенті Мәслихатының депутаты Абзал Құспан.

Заң жобасы қабылданса, бұған дейін кәсіпкерлердің соттылығы жойылады. Қылмыстық іс дереу тоқтайды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу