Кәсіпкерлердің 2 миллиард теңге көлеміндегі қарызы кешірілді

1047

Рақымшылыққа 90 мыңнан астам салық төлеуші іліккен.  

Кәсіпкерлердің 2 миллиард теңге көлеміндегі қарызы кешірілді

Салықтық рақымшылық аясында елдегі кәсіпкерлердің 2 млрд теңге көлеміндегі қарызы кешірілді. Қаржы министрі Әлихан Смайловтың сөзінше, рақымшылыққа 90 мыңнан астам салық төлеуші іліккен. Негізгі борыш 210 млрд теңге көлемінде болып отыр. Олардың 122 млрд теңге өсімпұлы және 7,3 млрд теңге айыппұлы кешірілмек.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия бастауды тапсырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу