Кәсіпкерлерге "1000 орын – көше саудасы" жобасына қатысу жеңілдеді

1074

Жоба аясындағы аукциондарды толықтай онлайн форматта өткізу туралы шешім қабылданған.

Кәсіпкерлерге "1000 орын – көше саудасы" жобасына қатысу жеңілдеді

"1000 орын – көше саудасы" жобасы аясындағы аукциондар толықтай онлайн форматта өткізіледі. Бұл туралы Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

Былтыр Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы халықаралық Bitfury компаниясымен бірлесіп, жер телімдерін бөлуге арналған аукциондарға жаңа технологияларды енгізу жағын қарастырған болатын. Басқарма басшысы Әлішер Әбдіқадыровтың сөзінше, жоба тиімділігін көрсеткен. Сондықтан бұдан былай "1000 орын – көше саудасы" жобасы аясындағы аукциондарды толықтай онлайн форматта өткізу туралы шешім қабылданған.

"Бұрын аукциондар дәстүрлі әдіспен, яғни адамдардың қатысуымен өтетін. Аталған жағдай кәсіпкерлердің көп уақытын алатын, қолайсыздық тудыратын. Бұдан былай бұл процестер онлайн форматқа көшеді. Оның ашықтығын қамтамасыз ету үшін блокчейн технологиясы қолданылады. Енді аукционға ешқандай өзгеріс енгізу мүмкін емес. Барлық процес пен аукционның нәтижелері құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті тарапынан тексеріледі", – дейді басқарма басшысы.

Әлішер Әбдіқадыровтің сөзінше, қазір аукционға қатысу үшін ұялы телефон арқылы тіркеліп, бастапқы кепілдік жарнасын төлеп, өтініш беруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу