Кәсіпкерлерге 92,3 млрд теңге шығын келген

1767

Алматылық бизнеске келген шығын мөлшері – 90,7 млрд теңге.  

Кәсіпкерлерге 92,3 млрд теңге шығын келген

Елдегі тәртіпсіздіктер кезінде бизнеске 92,3 млрд теңге көлемінде шығын келді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Атамеке" ҰКП-ге сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша кәсіпкерлерге келген шығын көлемі 92,3 млрд теңгеден асқан.

9 қаңтардағы мәліметке сәйкес, Call-орталыққа 2320 қоңырау келіп түсті, оның ішінде: тонау бойынша – 1127, форс-мажор – 26, блок-бекеттер – 2, жеке тұлғалардың қоңырауы – 1052.

"Елдегі 10 өңірде 1181 бизнес субъектісі зардап шеккен. Олар 1351 объектіде орналасқан. Оның ішінде Алматыда 935 субъектісі зардап шекті: олар 1091 объектіде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккен бизнес субъектілері: саудада – 1122, қоғамдық тамақтандыру – 17, қаржы секторы – 31, логистика – 8.

"Алдын ала мәліметтер бойынша кәсіпкерлерге келген шығын көлемі – 92,3 млрд теңге. Оның ішінде Алматыда – 90,7 млрд теңге", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу