Кәсіпкерлерге АҚШ енгізген санкциялардан қалай сақтану керектігі түсіндірілді

917

Санкция мәселесі жөнінде қазақстандық-америкалық онлайн-консультация ұйымдастырылды.

Кәсіпкерлерге АҚШ енгізген санкциялардан қалай сақтану керектігі түсіндірілді

ҚР СІМ және АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қазақстанның банк секторының кәсіпкерлері мен өкілдеріне, сондай-ақ Қазақстанда филиалдары бар шетелдік компанияларға санкция мәселесі жөнінде кезекті қазақстандық-америкалық онлайн-консультация ұйымдастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның негізгі мақсаты қазақстандық бизнес пен екінші деңгейлі банктерге АҚШ санкцияларының күтпеген ықпалын азайту, сондай-ақ сыртқы саудаға кері әсерін азайту.

Америкалық дипломаттар АҚШ енгізген санкциялар, шектеулер режимі шеңберінде бизнес жүргізу және транзакциялар жасаудың ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Тараптар қазақстандық экономикаға санкциялардың ықпалын азайту мақсатында ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу