Кәсіпкерлерге банк шотынан қолма-қол ақша алу мөлшері ұлғайтылмақ

365

Ұлттық банк ұсынып отырған өзгерістер, осындай мүмкіндік бермек.

Кәсіпкерлерге банк шотынан қолма-қол ақша алу мөлшері ұлғайтылмақ

Кәсіпкерлер енді өз шотынан қолма-қол ақшаны бұрынғыдан көбірек ала алады. Ұлттық банк ұсынып отырған өзгерістер, осындай мүмкіндік бермек.

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталына жарияланған жобаға сәйкес, шағын кәсіп иелері, бұған дейін шотынан 1 айда тек 20 миллион теңге шеше алса, енді одан 10 миллионға көп алуға мүмкіндік берілмек.

Орта бизнес өкілдерінің алатын қолма-қол ақша мөлшері бұрынғыдан 40 миллионға артық. Ал 1 ай ішінде банктен 150 миллион теңге ғана қолына алып келген ірі кәсіпкерлерге, жаңа өзгерістерден кейін 200 миллионды шешуге мүмкіндік беріледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу