Кәсіпкерлерге мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері негізсіз тексеру жүргізген

840

Тауар мақсатты орынға кешіктіріліп жеткен.

Кәсіпкерлерге мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері негізсіз тексеру жүргізген Фото: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне кәсіпкер тарапынан Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының әрекеттеріне қатысты шағым келіп түскен, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қырғыз Республикасынан Қазақстанға жүк тасымалдаған кәсіпкерлерге мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері тарапынан кедергілер келтірілген. Кәсіпкердің тауарын тексеру барысында жүк көлігінен бірнеше рет түсіріп, тексергені анықталған. Нәтижесінде тауар мақсатты орынға кешіктіріліп жеткен.

Департаменттің енгізген ұсынысынан кейін тауарды себепсіз бірнеше рет тексеру тәжірибесі тоқтатылды.

Осы орайда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті кәсіпкерлерге егер мемлекеттік органдар тарапынан заңды құқықтарыңызға шектеу қойылып, қандай да бір жасанды кедергілер мен тосқауылдарға тап болсаңыз, 1424 call-орталығы және 8(7262)93-60-20 нөмірі арқылы жүгінуге болатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу