Кәсіпкерлерге трансшекаралық сауда, экспорт бойынша білім беретін платформа таныстырылды

510

Трансшекаралық сауданы басқару мәселелері бойынша Қазақстанның шағын және орта бизнесі үшін оқу бағдарламасы іске қосылады. 

Кәсіпкерлерге трансшекаралық сауда, экспорт бойынша білім беретін платформа таныстырылды

Бұл туралы QazTrade АҚ өкілі Айнұр Әмірбекова елордада өткен баспасөз жиынында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгін QazTrade Academy деген платформаны көпшілік алдына ұсынғалы отырмыз. Онда кәсіпкер, экспорттаушы немесе индустриализацияға шыққан стартаперлер курстан өте алады. Тек тіркеуден өтсе болды, 24 сағат білім алуға ыңғайлы. Платформада қазіргі уақытта төрт жүйелі курс енгізілген. Оқуды өткеннен кейін сертификат ала алады. Одан бөлек QazTrade-тің де ютубқа арналған курстары бар", – деді Айнұр Әмірбекова.

Оқытуды халықаралық сауда орталығы "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ-мен және Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп "Ready4trade Орталық Азия" жобасы шеңберінде жүргізеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, халықаралық сауда ережелерінен бастап экспорттық рәсімдерге, транзиттік бағыттарға, сапа және сәйкестік стандарттарына, сондай-ақ Еуропалық Одақ нарығының нақты талаптарына арналған тақырыптар қамтылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу