Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қалай жүзеге асуда

749

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 – 2025 жылдарға арналған осы жобаның орындалу барысы туралы ақпарат жариялады.  

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қалай жүзеге асуда Фото: gov.kz

"Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 649,6 мың адам қатысты. 412,5 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 292,4 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 13,8 мың адам жіберілді. Өз кәсібін бастау үшін 21,7 мың адам мемлекеттік грант алды", деп жазады inbusiness.kz ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Дерекке сәйкес, субсидияланатын жұмыс орындарына 168,4 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 14,5 мың, жастар практикасымен 28,4 мың, қоғамдық жұмыстармен 118,3 мың адам, "Алғашқы жұмыс орны" жобасы аясында 3,8 мың, "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы аясында 534 адам, "Күміс жас" жобасы аясында 2,9 мың адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 143,6 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

"Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды. Сондай-ақ оларға кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесие мен қайтарымсыз мемлекеттік грант беріліп, қолдау көрсетілді. Қысқа мерзімді курстарда және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқытылды.  Бұдан бөлек, "Еңбек" бағдарламасындағы бағыттардың бірі аясында жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге көшірілді", делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу