Кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов WBC рейтингінде орнын жоғалтты

186

WBC рингке жылдан аса уақыт шықпаған боксшыны "жазалады".

Кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов WBC рейтингінде орнын жоғалтты Фото: Sarah Stier/Getty Images

Суперорта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (19-1, 14 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде орнын жоғалтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Қыркүйек айында Ахмедов WBC рейтингінде жетінші тұрған еді, ал жаңартылған тізімде ол алғашқы ондықта да жоқ. Бұл "жаза" боксшының ұзақ уақыт рингке шықпағандығынан болса керек - Әли 2022 жылдың қыркүйегінен бері жекпе-жек өткізбеді.

Ал бұған дейін Ахмедовты Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингтегі топ-15 тізімнен шығарып тастаған болатын.

Кейінгі жекпе-жегінде Ахмедов америкалық Габриэль Росадоны төрешілер шешімімен (үш қазы да 100-90 ) жеңіп, бос тұрған IBF NA және WBC Silver титулдарын иеленген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу