Кәсіпорындардың ауаны ластауы жөнінен Шығыс Қазақстан алдыңғы қатарда

475

Экология министрі облыстағы басты проблемаларды атап өтті.

Кәсіпорындардың ауаны ластауы жөнінен Шығыс Қазақстан алдыңғы қатарда Фото: inbusiness.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Шығыс Қазақстанда ауа ластануына бірінші кезекте кәсіпорындар әсер ететінін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда атмосфераны ластайтын шығарындылардың нақты көлемі бірінші тоқсанда 401,08 мың тонна болған. Оның 13,15 мың тоннасы Шығыс Қазақстан облысына тиесілі.

Министр келтірген ақпаратқа қарағанда, 2022 жылдың кезеңімен салыстырғанда аймақтағы шығарындылар көлемі 3,2% азая түскен. Дегенмен басты проблемалар әлі де өзекті. 

"Шығыс Қазақстандағы негізгі проблемалар деп мынаны атап өтер едім. Қалдықтарды басқару инфрақұрылымы дамымаған, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары нормаларға сәйкес келмейді, рұқсат етілмеген полигондар саны едәуір кһп және кәріз тазарту станцияларының жоғары деңгейде тозған немесе олар кей жерлерде тіпті жоқ", деді министр Зүлфия Сүлейменова Риддер қаласында тұрғындармен өткізген кездесуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу