Кәсіпорындарға теңгемен кредиттер бойынша мөлшерлеме 12,5 пайызға дейін төмендеді

888

Кәсіпорындарға теңгемен кредиттер бойынша мөлшерлеме 12,5 пайызға дейін төмендеді

Қарашаның соңында Қазақстан Ұлттық банкінің алтын валюта резервтері, алдын ала деректер бойынша, 30 млрд АҚШ долларын құрады. Еліміздің халықаралық резервтері 87,8 млрд АҚШ долларына жетті. Ол туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев телевизиялық БАҚ-қа арналған брифинг барысында айтты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Ол ақша нарығында негізінен ноттар шығарылымымен алынатын артық өтімділіктің сақталуда екенін айтты.

"30 қарашада Қазақстан Ұлттық банкінің өтімділікті таза алуы 2,7 трлн теңге болды. Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемдері 3,5 трлн теңгені құрады. Қарашада ноттар бойынша кірістілік, мерзімділігіне қарай, 8,50%-8,88% аралығында қалыптасты", - деді Ақышев.

Оның айтуынша, биылғы жылғы 10 айда депозиттер 17,6 трлн теңгеге дейін 0,8%-ға өсті. Ұлттық валютадағы депозиттердің өсуі 2,3%-ды құрады. Шетел валютасындағы депозиттер 10,8%-ға азайды. Нәтижесінде қазанның соңында депозиттерді долларландыру 46,9% болды.

"Кредиттеу нарығы қалпына келуде. Биылғы жылғы 10 айда жаңа кредиттер беру 25,1%-ға немесе 2,2 трлн теңгеге өсті. Қайта құрылымдаудан өтіп жатқан және лицензиясынан айырылған банктердің кредиттік портфелін есептемегенде экономиканы кредиттеудің жылдық өсуі 8,3%-ға немесе 966,5 млрд теңгеге бағалануда", - деді Данияр Ақышев.

Сөзінің соңында ол кәсіпорындарға теңгемен кредиттер бойынша мөлшерлеменің жылдың басындағы 13,2%-дан 2018 жылғы қазанда 12,5%-ға дейін төмендегенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу