Кәсіппен айналысуға ең қолайлы елдер рейтингінде Қазақстан 65-орында тұр

430

Ал бірінші орында – Жаңа Зеландия.

Кәсіппен айналысуға ең қолайлы елдер рейтингінде Қазақстан 65-орында тұр Фото: Ашық дереккөзден

Кәсіппен айналысуға ең қолайлы елдер рейтингінде Қазақстан 65-ші орында тұр. Бұл әлемнің 161 мемлекетінде талдау жүргізген Doing Business агенттігінің қорытындысы, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Соңғы жылдары Қазақстанда қолдау ретінде кәсіптік білім, қайтарымсыз грант және төмен пайыздық несиелер беріліп жатыр.

ГРА: Бізден Ресей 10 саты жоғары екен. Ал 2 алпауыт мемлекет АҚШ 17-ші, Қытай 49-шы орынға жайғасқан.

Агенттік ұсынған мәлімет бойынша, Жаңа Зеландия бизнес жүргізуге жайлы елдің бірі. Бұл мемлекет бірінші орында тұр. Мұнда шетелдік кәсіпкерлерге арналған бағдарлама бар және жемқорлық пен әкімшілік қысым қатты қадағаланады. Екінші орында – Сингапур. Оның инвестициялық климаты жақсы, салық мөлшері төмен және инфрақұрылымы дамыған. Үштікті Қытайдың автономды аймағы Гонконг түйіндейді. Онда мыңдаған ірі халықаралық компания орналасқан және табысты инвестициялау үшін барлық жағдай жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу