"Қаскелең" қосалқы станциясы іске қосылды

1319

Алматы облысы Батан ауылында энергетикалық маңызы бар заманауи нысан ашылды.  

"Қаскелең" қосалқы станциясы іске қосылды

Алматы облысының Қарасай және Жамбыл аудандарының, Алматы қаласының батыс маңындағы тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ететін "Қаскелең" қосалқы станциясы іске қосылды.  Батан ауылында орналасқан энергетикалық нысанының жалпы қуаттылығы 250 мегаватт.

 "12 жыл ішінде өңірді энергиямен қамтамасыз ету жағдайы түбегейлі өзгерді. Егер 2008 жылы біз әкімшілікте Алматыдағы электр энергиясының өшу мәселесін шешсек, қазір "Самұрық-Энерго" салып жатқан нысандар облыс пен қаланың даму келешегіне де бағытталған. Бүгін облыс әкімі екеуіміз Алматы агломерациясының энергетикалық қауіпсіздігі мәселесі шешілді деп сенімді айта аламыз", – деді "Самұрық-Қазына" Қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

"Қаскелең" қосалқы станциясының құрылысы "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасы аясында Алматы облысы әкімдігінің және "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ қаражаты есебінен салынды. Жобаның жалпы құны 4,73 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Бүгінгі таңда қосалқы станция 6 мыңнан астам жеке және 400-ден астам заңды тұлғаларға қызмет көрсетуде. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 50 мыңнан астам жеке тұлға мен 4 мыңнан астам заңды тұлғаларға жеткізу көзделген. Сондай-ақ "Көкөзек" индустриалды аймағының тұтынушыларын электр энергиясымен қамту да жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу