"Касперский зертханасы" кибершабуылға төтеп беретін кешенді қорғаныс ұсынды

452

Жыл өткен сайын кибер шабуылдар саны көбеймесе азаймай тұр. Кибер қауіпсіздік саласының сарапшылары осылай дейді. 

"Касперский зертханасы" кибершабуылға төтеп беретін кешенді қорғаныс ұсынды Фото: Ақ Жайық

Өткен жылдың өзінде Касперский зертханасы түрлі серверлерде тәулігіне орта есеппен 400 мың зиянды объект анықтады. Бұл дегеніміз жылына шамамен 140 миллион бүлінген файл. Кибершабуыл салдарынан алып зауыттардың бүкіл өндірістік процесі тоқтап қалған жағдайлар да болған. Әрине, бұл тұста Қазақстан да қауіпті аймақта. 

Өткен жылы қазақстандық кәсіпорындардың 40 пайызға жуығы жаппай кибершабуылға ұшырады. Бұл әлемдік көрсеткіштен де жоғары. Кибершабуылдар өсімі мұнай-газ саласында. Мәселен, 2021 жылдың екінші жартыжылдығындағы 23%-дан 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 30%-ға дейін көтерілсе, энергетика саласында  28%-дан 32% дейін, көлік-логистика саласында  9,9%-дан 11 %-ға дейін артқан. Ең жиі кездесетін қауіп-қатер қатарында фишинг, зиянды құжаттар, шпиондық бағдарламалар және криптомайнерлер жатады.

"Кибершабуылдардың әрқайсысына тыңғылықты дайындалады. Олар көбіне жарияланып кеткен жеке деректерді талдай отырып, соны пайдаланады. 2022 жылы Билайн, яндекс және вайберстегі жеке мәліметтердің барлығы бір жерге жиналды", дейді Касперский Зертханасы кеңсесінің басқарушы директоры Валерий Зубанов. 

Бұл ретте "Касперский зертханасы" Қазақстандағы компаниялар, зауыттар мен фабрикалардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге кешенді тәсіл ұсынды. Яғни, кибершабуылдардан қорғануға болатын тұтастай экожүйе құрылды. Ол дегеніміз шабуылды ең бастапқы кезеңінде тосқауыл қою.

"Иә, бұл бүкіл әлемге белгілі пакет. "Касперский зертханасы" компаниясында Kaspersky Symphony EDR бар, оны сатып алу арқылы компания ақпарат қауіпсіздігінен көптеген мәселелерді жоя алады", дейді Касперский Зертханасы кеңсесінің басқарушы директоры Валерий Зубанов. 

Касперский зерханасының мамандары ұсынатын кейіс бұл бір бөлігі ғана. Мәселен, соңғы құрылғыны қорғайтын бірнеше қорғаныс бар. Бизнеске арналған Kaspersky Security, оған қоса Kaspersky EDR Expert көмегімен мақсатты шабуылдардан қорғауға арналған Kaspersky Anti Targeted Attack. Сонымен қатар, тергеу жүйесі де бар. Бұл өнімдердің барлығы әлемдік тәжірибеде өздерінің тиімді киберқауіпсіздігін дәлелдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу