"Каспий-2026": 5 елдің құтқарушылары төтенше жағдайларға қарсы жаттығу өткізді

135

Оқу-жаттығу жиыны Ресейдің Астрахань қаласында өтті.  

"Каспий-2026": 5 елдің құтқарушылары төтенше жағдайларға қарсы жаттығу өткізді Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"Каспий-2026" халықаралық оқу-жаттығуы Каспий маңы мемлекеттерінің құтқару қызметтері арасында практикалық тәжірибе алмасу және өзара іс-қимылды нығайту алаңына айналды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан, Ресей, Иран, Түрікменстан және Әзербайжанның құтқару қызметтерінің қатысуымен өткен "Каспий-2026" халықаралық кешенді оқу-жаттығуы аяқталды.

Оқу-жаттығу барысында қатысушылар түрлі төтенше жағдайларға ден қою, зардап шеккендерді құтқару, алғашқы көмек көрсету, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және бес мемлекеттің құтқару бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл бойынша практикалық әрекеттерді пысықтады.

Бірлескен құтқару операциялары кезінде іс-қимылдардың үйлесімділігіне, тәжірибе алмасуға және Каспий маңы елдерінің құзыретті органдары арасындағы жедел өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Мамандар төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істеу, арнайы техника мен жабдықтарды қолдану, сондай-ақ іздестіру-құтқару іс-шараларын ұйымдастыру дағдыларын көрсетті.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан ТЖМ-нің екі қызметкері Ресей ТЖМ-нің "Құтқару ісіндегі ынтымақтастық үшін" медалімен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу