Каспий итбалықтарының санағы жүргізіледі

2958

Зерттеуге негіз ретінде қазіргі кезде ресейлік зерттеушілердің Балтық теңізіндегі итбалықтарды зерттеу кезінде қолданатын әдістемесі алынған.

Каспий итбалықтарының санағы жүргізіледі

Атырау облысында Каспий итбалықтарының санағы жүргізіледі. Олардың саны соңғы рет 6 жыл бұрын анықталған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Итбалықтардың популяциясын есептеу үшін, әуеден түсірілім жасайтын кешені бар ұшақ-зертхана жұмылдырылады. Бұл кешенге тепловизор, фотоаппараттар, бортта орнатылған аспаптық және визуалдық ақпараттың автоматтандырылған жүйесі кіреді. Зерттеуге негіз ретінде қазіргі кезде ресейлік зерттеушілердің Балтық теңізіндегі итбалықтарды зерттеу кезінде қолданатын әдістемесі алынған", – дейді "Норт Каспиан оперейтинг компани" баспасөз қызметінен.

Жұмыстарға итбалықтарды зерттеумен айналысатын ресейлік және қазақстандық ғалымдар, сондай-ақ Микробиология және вирусология институтының, Қазақстандық қолданбалы экология агенттігінің қызметкерлері қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу