Каспий итбалықтарының саны 311 мыңға жуықтады

392

Тиісті ақпаратты Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі таратты.  

Каспий итбалықтарының саны 311 мыңға жуықтады Фото: gov.kz

Каспий теңізі фаунасындағы сүтқоректінің популяциясын сақтау мақсатында бірқатар шаралар қабылданған.

Ақпаратқа сәйкес, Мемлекет басшысының "каспий итбалығы популяциясын сақтау мақсатында табиғи резерват құру" тапсырмасын орындау шеңберінде резерват құрудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасы әзірленді.

“Әрі қарай ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрудың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленетін болады. Қазіргі таңда 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді қаржыландыру көзделген. Жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздеме бойынша 2024 жылдың шілдесіне дейін Каспий теңізінің акваториясында заңды тұлға нысанында мемлекеттік табиғи резерват құру жоспарлануда”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу