Каспий құбыр консорциумы АҚШ елшісінің пікіріне қатысты мәлімдеме жасады

КҚК басшылығы мұндай кездесулер туралы хабардар етілмеген.

Каспий құбыр консорциумы АҚШ елшісінің пікіріне қатысты мәлімдеме жасады Фото: uz.usembassy.gov

Каспий құбыр консорциумы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмнің Америка Қазақстан және мұнай құбырына қатысты компаниялардың өкілдерімен оның қауіпсіздігін талқылауы бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"КҚК басшылығы мұндай кездесулер туралы хабардар етілмеген және оларға қатысқан жоқ. Сонымен бірге компания басшылығы Теңіз-Новороссийск мұнай құбырының барлық инфрақұрылымын қауіпсіз пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауда", - деп хабарлады консорциум.

Бұл ретте елші коммерциялық және азаматтық нысандардың, сондай-ақ КҚК инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін келісімнің болуы жақсы шешім болатынын атап өтті.

Еске сала кетсек, АҚШ Елшісі Дэниел Розенблюм Қазақстан мен АҚШ арасында Каспий құбыр консорциумының қауіпсіздігі мәселесін талқыланғанын хабарлаған.

Ол Қара теңіздегі жағдайдың күрделі екенін, бірақ әскери іс-қимылдар оларға әсер етпеуі үшін коммерциялық және азаматтық инфрақұрылымның қауіпсіздігі туралы келісім болғаны дұрыс, деген пікірімен бөлісті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу