Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай айдау көлемі тағы қысқарды

780

Каспий құбыр консорциумы Теңіз – Новороссийск құбыры арқылы мұнай айдау көлемін қысқартты, деп хабарлайды inbusiness.kz КҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай айдау көлемі тағы қысқарды

Қысқартуға Теңіз кен орнындағы жөндеу мен Қазақстандағы Қашағанда өндіруді тоқтату салдары әсер еткен делінеді.

"Қазақстан Республикасының Теңіз кен орнында КҚК құбыр жүйесінің бас учаскесінде жөндеу жұмыстарына байланысты кен орнынан мұнай қабылдау төмендетілген режимде жүзеге асырылады. Сондай-ақ Қашаған кен орнында мұнай өндірісінің тоқтауына байланысты КҚК құбыр жүйесіне мұнай қабылдау көлемі төмендеді", – деп хабарлады консорциумда.

Мұның барлығы Теңіз – Новороссийск құбыр жүйесі арқылы мұнай айдаудың жалпы көлемінің айтарлықтай төмендеуіне алып келді.

Мұнай айдаудың режимдік көлемі қалпына келгенде қосымша хабарланатын болады.

Компания акционерлері мен жүк жөнелтушілері қалыптасқан жағдай туралы хабардар етілген және өзекті жағдай бойынша тұрақты өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Бұған дейін КҚК Теңіз – Новороссийск мұнай құбырының штаттық жұмысын қалпына келтіргені хабарланған болатын.

Фото: aikyn.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу