Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай жөнелтуде шектеу жоқ – Энергетика министрлігі

169

Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумындағы мұнай жөнелтуге қатысты соңғы жағдайды түсіндірді.

Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай жөнелтуде шектеу жоқ – Энергетика министрлігі Фото: КТК

Министрлік Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесіне қазақстандық мұнайды қабылдауда ешқандай шектеу қойылмағанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазіргі уақытта мұнай жөнелту бекітілген кестеге сәйкес, жұмыс істеп тұрған ВПУ-3 қондырғысы арқылы қалыпты түрде жүзеге асуда.

Сонымен қатар, министрлік мәселені бақылауға алып, қазақстандық мұнайдың үздіксіз экспортталуын қамтамасыз ету мақсатында барлық мүдделі тараптармен тұрақты түрде байланыс орнатып отырғанын атап өтті.

Бұған дейін Каспий құбыр консорциумына дрон шабуылынан кейін мұнай айдау станциясының қалпына келтіріліп жатқаны туралы хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу