Каспий құбыры арқылы былтыр 70,52 млн тонна мұнай тасымалданды

212

Теңіз – Новороссийск құбырының ұзындығы 1511 шақырымға тең.

Каспий құбыры арқылы былтыр 70,52 млн тонна мұнай тасымалданды Фото: cpc.ru

Өткен жылы Теңіз – Новороссийск мұнай құбыры арқылы 70,52 млн тонна мұнай тасымалданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жақында Абу-Даби қаласында Каспий құбыр консорциумы басқарушы органдарының отырыстары өтті. Жиынға қатысушылар өткен жылды қорытындылады.

Каспий құбыр консорциумы баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр Теңіз – Новороссийск мұнай құбыры арқылы 70,52 млн тонна мұнай тасымалданған. Оның ішінде Теңіз кен орнынан – 36,6 млн тонна, Қарашығанақтан – 9,2 млн тонна, Қашағаннан 17 млн тонна мұнай келіп түсті. 

КҚК құбыр жүйесі – ТМД аумағындағы энергетика саласындағы ең ірі жобаның бірі. Теңіз – Новороссийск құбырының ұзындығы 1511 шақырымға тең. Бұл бағыт арқылы Қазақстанның экспорттық мұнайы мен ресейлік кен орындарының шикізаты тасымалданады. КҚК теңіз терминалы үш кеме қондыру құрылғысымен жабдықталған.

Консорциумның акционерлері: Ресей – 24%, "КТК Компани" – 7%, "ҚазМұнайГаз" – 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%,  Лукойл Интернешнл  – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holdings Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2%, Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу