Каспий теңізі жағалауынан 35 өлі итбалық табылды

157

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті хабарлады.  

Каспий теңізі жағалауынан 35 өлі итбалық табылды Фото: gov.kz

Өлекселер Баутино ауылы маңындағы Асан және Қаса учаскелері арасынан анықталған. Сонымен қатар жағалаудан бекіре тұқымдас балықтардың қалдықтары да табылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазір мамандар теңіз жағалауына мониторинг жүргізіп, өлекселерді жинау және жою жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Соңғы айларда Каспий жағалауында итбалықтардың жаппай қырылуы жиілеп кеткен. Бұған дейін өңірде 200 жуық өлі түлен табылғаны хабарланған еді. 

Гидробиология және экология институты зерттеушілерінің айтуынша, итбалықтар бір айдан астам уақыт бұрын өлгенімен, жақында ғана батыстан соққан дауыл Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының жағалауында жағаға шығып кеткен.

Ғалымдар алдын ала себеп ретінде иммунитеттің әлсіреуі мен жұқпалы ауруларға бейімділікті атап отыр. Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу