Бұл туралы АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Бакуде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен бірге жасаған бірлескен мәлімдемесінде айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің сөзінше, екі ел арасында ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттары бар, әрі Вашингтон әріптестікті тек қауіпсіздік саласында ғана емес, экономика бағытында да нығайтуды көздейді.
"Бізде талқылап жариялайтын көптеген мәселе бар. Мен "Трамп маршрутының" үстімен алғашқылардың бірі болып ұшып өткенімді мақтанышпен айта аламын. Бұл бағыт Әзербайжанның екі бөлігін байланыстырады. Біз бұл экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, табиғи ресурстар мен аса маңызды минералдар саласындағы өзара әрекеттестікті күшейтуге және Әзербайжан мен Армения арасындағы тарихи бейбіт келісімді бекітуге көмектеседі деп үміттенеміз", – деп атап өтті АҚШ вице-президенті.
