Каспий теңізінің қазақстандық секторында "Хазар қорғаны-2026" әскери-теңіз оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының бірыңғай жоспары аясында өтіп жатқан жиынға Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, І дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков басшылық етеді.
Жаттығуға Әскери-теңіз күштері мен оның бағынысты бөлімшелерінен бөлек, Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің Жағалау күзеті мен Әуе қорғанысы күштерінің құрамдары жұмылдырылды.
Маневрдің негізгі мақсаты – жеке құрамның кәсіби шеберлігін шыңдау, кеме экипаждары мен жағалау бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру.
Сондай-ақ оқу-жаттығу барысында әртүрлі ведомстволар мен әскер түрлерінің белгіленген тапсырмаларды бірлесе орындау тетіктері пысықталады.