Каспий теңізінде ер адам құтқарылды

369

Ол мотор орнатылмаған қайықпен су айдынына шыққан.    

Каспий теңізінде ер адам құтқарылды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Кеше Каспий теңізінің жағалауында патрульдеу жүргізу барысында ТЖМ құтқарушылары жағадан шамамен 400 метр қашықтықта ашық теңізде қалған адамды байқаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, ер адам мотор орнатылмаған қайықпен суға шыққан. Күшті желдің салдарынан қайықты ағыс пен жел ашық теңізге қарай алып кетіп, ол өздігінен жағаға қайта орала алмаған.

Құтқарылған азамат медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ су айдындарына шығар алдында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді:

  • ауа райы болжамын алдын ала тексеріңіз;
  • құтқару кеудешесін киіңіз;
  • техникалық жарамды қайықтарды ғана пайдаланыңыз;
  • қатты жел кезінде суға шықпаңыз.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу