Жоғары жылдамдықпен жағалауға бет алған қайыққа дабыл мен ескерту оқтары жасалғанына қарамастан, олар қашуға әрекеттенген. Қайықтың қозғалтқышы өртеніп, қылмыскерлер есірткі салынған пакеттерді теңізге тастағанымен, шекарашылар оларды судан шығарып, құрықтады.
Қайықтағы өрт сөндірілген соң теңізден табылған пакеттерден 11 келі 850 грамм есірткі анықталды. Ұсталғандар – 1994 жылы туған Гулреза Джавад Алиреза және 1996 жылы туған Бордбар Милад Мансур – Иран азаматтары екені белгілі болды.
Аталған факті бойынша Әзербайжан Қылмыстық кодексінің контрабанда, есірткі тасымалы және шекараны заңсыз кесіп өту баптарымен іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Айта кетейік, тамыз айында да Әзербайжан ІІМ мен шекарашылары елге 134 келі марихуана, героин, опиат және 1000 метадон таблеткасын әкелу әрекетінің жолын кескен болатын.