Каспий теңізінде итбалықтар қырылып жатыр

543

Каспий теңізінің Әзербайжанға қарасты бөлігінде итбалықтардың өлексесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Каспий теңізінде итбалықтар қырылып жатыр Фото: egemen.kz

Каспий теңізінің Дағыстан жағалауында итбалықтардың жаппай қырылуына байланысты Әзербайжан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері теңізде мониторинг жүргізді.

Биоәртүрлілікті қорғау қызметінің басшысы Фируддин Әлиевтің айтуынша, іс-шаралар барысында Хачмаз ауданында, Истису ауылы маңында, Тиканлыоба, Сейдли және Набран ауылдарында барлығы 17 итбалық өлексесі табылған.

"Әзербайжанның азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің мамандарымен бірлесіп итбалықтардың қырылу себептерін анықтау үшін өлекселерден сынамалар алынады. Қосымша ақпарат халыққа жеткізіледі", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу