Каспий теңізінде магнитудасы 3,0 жер сілкінісі болды

137

Бұл туралы Әзірбайжан Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады.  

Каспий теңізінде магнитудасы 3,0 жер сілкінісі болды Фото: astrakhan.su

29 шілде күні таңертең Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дүмпу Атырау уақытымен сағат 06:07-де болған. Жер сілкінісінің магнитудасы 3,0 құрады. Эпицентрінің координаттары: 40.43N, 51.60E. Гипоцентрдің тереңдігі: 13 км.

Жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу