Каспий теңізінде мыңға жуық бекіре мен 54 итбалық құтқарылды

668

Браконьерлердің торына түскен бекіре тұқымдас балықтар мен итбалықтар табиғи тіршілік ету ортасына жіберілді.  

Каспий теңізінде мыңға жуық бекіре мен 54 итбалық құтқарылды Фото: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Мұндай жайт ҚР ҰҚК Шекара қызметі ресейлік әріптестерімен бірлесіп браконьерлік қызметті тоқтату және Каспий теңізі акваториясында биологиялық әртүрлілікті сақтауға бағытталған жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде тіркелді.

Теңізге жіберілген су жануарларының саны - бекіре тұқымдас балықтар 946 дана, жартылай тұқымды балықтар 5 321 дана, 54 итбалық.

Шекарашылар теңіз кеңістігінде 68 жүзу құралымен рұқсатсыз жүзген 153 адамды ұстады. 400 шақырымға жуық браконьерлік балық аулау желілері мен 17 мыңнан астам ілмек құралдары тәркіленді. Осылайша 2 млрд теңгенің көлемінде келетін залалдың алды алынды. Заң бұзушыларға 3,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу