Каспий теңізінде су спортын дамыту қолға алынады

514

Су спорты және вейкбордингті дамыту үшін өңірде жаңа жоба қолға алынады. 

Каспий теңізінде су спортын дамыту қолға алынады

Ақтаудағы Яхт клуб аумағында халық демалатын орындарды абаттандыру, санитарлық жағдайын жақсарту, балалар мен жасөспірімдерге арналған желкенді қайық спорт түрін дамыту мәселелері қаралды.

"Су спорты және вейкбординг федерациясы" ҚБ өкілі Марат Сюников шаһарда аталмыш спортты даму мақсатында арнайы жобаны таныстырды. Мұнда демалушылардың жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасалып, бейнебақылау, автотұрақ, су спортынан түрлі жарыстар өткізуге арналған алаңдар салынады.

Жобаны жасау кезінде қоршаған ортаны қорғау, экология қауіпсіздігі мен азаматтардың жүріп-тұруына жағдай жасауға басты назар  аударылады. 

Айта кетсек, Ақтауда желкенді қайық спортының түрі 1991 жылы құрылған. Бүгінде спортшылар жаттығатын өз клубы бар. Аумағында әкімшілік ғимарат, желкенді кемелерді сақтауға арналған эллинг, қосалқы үй-жайлар, желкенді қайық тұрағына арналған орын және кемелердің суға шығуына арналған жағалаулар орналасқан. 

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу