Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркеліп, 4 елге әсер етті

194

Әзербайжанның сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, эпицентрдегі магнитудасы 4,2 болған.  

Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркеліп, 4 елге әсер етті Фото: alataunews.kz

Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің ошағы 74 шақырым тереңдікте орналасқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жер асты дүмпулерін төрт елдің – Әзербайжан, Түрікменстан, Ресей және Армения тұрғындары сезген.

Әзербайжандағы Нефт Дашлары қаласы эпицентрге ең жақын елді мекен болды – ол 73 шақырым қашықтықта орналасқан.

26 сәуірде таңертең осы өңірде магнитудасы 3,5 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелген.

Мамандардың айтуынша, 2026 жылдың сәуір айында Каспий теңізінде сейсмикалық белсенділік артқан. 14 сәуірде бірден үш жер сілкінісі болған, оның екеуінің магнитудасы 3,1, ал біреуінікі 3,8 болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу