Каспий теңізіне батып кеткен 18 жастағы жасөспірімнің денесі табылды

414

Іздестіру-құтқару жұмыстары бүгін аяқталған.

Каспий теңізіне батып кеткен 18 жастағы жасөспірімнің денесі табылды Фото: lada.kz

Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жабдықталмаған жағалауында суға түсу кезінде жоғалып кеткен 18 жастағы ақтаулықтың денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жағалау сызығынан 10 метр қашықтықта судан жасөспірімнің мәйітін тауып, жағаға шығарды. Кейін мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды, – делінген хабарламада.

Еске салайық, 18 жастағы ақтаулық 7 шілде күні шамамен сағат 15:00-де Каспий теңізіне шомылу кезінде батып кеткен. Қайғылы жағдай оның туған күнінде болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің дерегіне сәйкес, 2026 жылдың басынан бері Маңғыстау облысының су айдындарында 13 адам қаза тапқан. Оның 10 дерегі ресми есепке алынған, ал 3 оқиға жазатайым жағдай ретінде тіркелмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу