Мұндай мәліметті Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның сөзінше, әскери қызметші Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде болған төтенше жағдайдан соң облыстық ауруханаға жеткізілген.
– 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиғаға байланысты әскери қызметшілердің бірі облыстық ауруханаға жеткізілді. Ауруханаға түскен кезде оған барлық қажетті тексерулер жүргізілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Сарбаз терапия бөлімінде ем алып жатыр және медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында, – деді Бекболат Ізбасаров.
Бұған дейін Маңғыстауда қаза тапқан 12 әскери қызметшінің тізімі жарияланған еді.
Одан соң аталған оқиға бойынша "Қызметке салғырт қарау" және "Кеме жүргізу қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Өкініштісі, Каспий теңізінде жоғалған 2 әскери қызметшінің денесі де табылды.