Каспий теңізінің бетіндегі майлы дақтар неден пайда болған?

414

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті зертханалық сынамалар алды.

Каспий теңізінің бетіндегі майлы дақтар неден пайда болған? Фото: canva.com

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тілшілер Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде белгісіз ақ дақтар пайда болғанын, алайда экологтар бұл мәселені жоққа шығарып отырғанын айтты. Министрлік өкілі осы жайтқа қатысты пікір білдірді. 

"БАҚ-та Каспий теңізінің бетінде белгісіз дақтар пайда болғаны туралы ақпарат шықты. Қателеспесем, Ақтау қаласының жағажайынан 14 шақырым жерде орналасқан. Бұл дерек бойынша Маңғыстау облысының экология департаменті өлшеу жұмыстарын жүргізіп, зертханалық сынамалар алды. Бүгінде теңіздің өзіндегі фондық жағдайдың ұлғаюы тіркелген жоқ. Өздеріңізге белгілі, Ақтауға жақын маңда теңіз порты бар. Рейдке келетін кемелерден қандай да бір санкцияланбаған шығарылым болуы да мүмкін. Алайда Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша экология департаменттерінің шетелдік кемелерді тексеруге құзыры жоқ", - деді ол.

Жомарт Әлиев бұл мәселе пысықтауды қажет ететінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу