Каспий теңізінің деңгейі 2005 жылдан бері 1 метрге тартылған

984

Каспий теңізінің циклі 100 жыл сайын байқалады

Каспий теңізінің деңгейі 2005 жылдан бері 1 метрге тартылған

Қазір теңіздегі су деңгейі -29,1 метрге тоқтады. Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне әртүрлі себептер әсер етеді. Бірақ қазір Каспий теңізінің проблемаларын ешкім зерттеп жатқан жоқ. Өткен ғасырдың 70-жылдарында регрессия байқалды, содан кейін 90-жылдардың ортасында тыныштық кезеңі болды. Ғалымдардың айтуынша, деңгей әлі де төмендей береді. 2019-2020 жылдары теңіз деңгейінің төмендеуі тез жүре бастады. Қазір демалушылардың суға түсетін жағалаулары құрлықта қалды.

"Әлі регрессияға қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан Каспийдің алдағы уақытта не болатынын айту қиын. Неміс және голланд есептерінің деректері бар. Олар 2054 жылға дейін зерттеу жүргізіп, деректерді компьютерге енгізді және математикалық модельдің арқасында біз үшін мүлдем бұлыңғыр болжамдар жасады. Теңіз деңгейі төмендеп, Бозашы түбегіне жетеді. Осы уақытқа дейін Түркіменстан мен Иранды қоса алғанда оңтүстік жағалаудың бір бөлігі Қара-Боғаз-Гол шығанағы кеуіп қалады. Мен бұл болжамдардың қаншалықты анық екенін айта алмаймын, бірақ соған қарамастан, қазір теңізбен қандай да бір байланысы бар барлық ғалым: гидробиологтар, гидрологтар, Каспий теңізінің биоалуантүрлілігін зерттейтін барлық жан ғылыми-зерттеу жұмыстарына араласып, ең маңызды мәліметтерді беруі керек", - дейді "Глобус" экологиялық және құқықтық бастамалар орталығының директоры Галина Чернова.

Ғалымдар Каспийдің тартыла бастауына себеп- жауын-шашынның аз түсуі дейді. Еділге құятын кішігірім өзендер бұрынғыдай суды тасымалдамайды, себебі шаруашылық қажеттіліктеріне бөлінеді. Ал қазақстандық ғалымдар соңғы жылдары Жайық арқылы Каспий теңізіне жететін су көлемі 12 мың текше метрден 4 мыңға дейін азайғанын атап өтті. Сонымен қатар жер бетіндегі климаттың өзгеруіне байланысты булану процесі де күшейді.Бұл- Каспий теңізінің деңгейіне де әсер етуде. 

Сондықтан да Каспий теңізін зерттейтін уақыт келді деп экологтар дабыл қағуда.  

"Каспий теңізінің тартылуы айрықша өзекті мәселе. Теңіз деңгейі 2005 жылдан бері 1 метрден аса төмендеп кеткеніне бәріміз куәміз. Судың тартылу себебі мен оның оның салдарын жан-жақты зерттеу қажет. Осы орайда Каспий теңізін зерттеумен айналысатын ғылыми институт құржан жөн деп есептеймін",- деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу