Каспий теңізінің жағалауында жартастың бір бөлігі опырылды

376

Ақтауда теңіз жағалауындағы соқпақ жолдың бойындағы жартас қирап қалды.     

Каспий теңізінің жағалауында жартастың бір бөлігі опырылды Фото: Айман Нұрмағанбет

Зардап шеккендер жоқ. Дегенмен, тұрғындардың демалуына арналған аумақ тұтастай жабылған. Айта кетейік, аталған жартас жолы қалалық әкімдіктің қарауында. Жергілікті билік оны абаттандыру және күтіп ұстау жұмыстарына жауапты мердігер әлі анықталмағанын хабарлады. Ал, жөндеу жүргізуге конкурс жарияланған. 

"Мердігер мекеме анықталғаннан кейін толықтай жартас соқпақ аумағын тексеріп, қауіпті жерлерді анықтап, жаяу жүргіншілер жолы жөнделетін болады",- дейді Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Бақтияр Мақсатов.

Мердігер соқпақ жолдардың жай-күйі мен жарықтандыруды қадағалап отыруға міндеттеледі. Сондай-ақ, жартас жолындағы тасты тексеру үшін арнайы мамандандырылған ұйыммен шарт жасасуы тиіс. Ал, жартас соқпағының қирауына жағалауда салынып жатқан құрылыс себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

"Бұл - жақсы жоба. Құлап жатқаны өкінішті. Астында адам қалып қойса, қиын ғой. Дұрыстап жасау керек. Бәрін құлатып жіберіп, сапалы қып қайта жасауға болады. Билік өкілдері мән беруі керек", - дейді тұрғындар.                                       

Жағалаудағы жартастың тас құлаған жері уақытша жабылды. Жартастың төбесі тұрғындар қауіпсіздігі үшін тормен қоршалмақ.                                                                                                                                                                                                 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу